Тоталитаризм

Тек бір партия, бір идеология, бір көшбасшысы бар саяси режим.




Мұндайда мемлекет азаматтар өмірінің бар саласын қадағалағысы келеді. Билік бір адам немесе бір топтың қолында болады. Елде адамдар жеке басқа табынады.


Қарапайым халықтың құқығы мен бостандығы шектеледі. Олар билікке бағынуы керек, әйтпесе қуғын-сүргінге ұшырайды. Оппозиция, биліктің тармақтарға бөлінуі мен демократиялық институттар атымен жоқ.


Тоталитаризмге мысалдар: Адольф Хитлер кезіндегі Германиядағы нацизм, Бенито Муссолини тұсындағы Италиядағы фашизм, Солтүстік Кореядағы Ким Ир Сеннің режимі.


 


14/09/2020 14:46 5213 0

14/09/2020
14:46 5213 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление